RU
Әріптесінен қарызын алуға кеткен алматылық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Әріптесінен қарызын алуға кеткен алматылық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне әріптесінен 100 мың теңге қарызын алуға кеткен ұлының жоғалып кеткенін айтып, жанайқайын жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Әріптесінен қарызын алмақ болған алматылық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Суреттерді Зинур Хамитовтың анасы ұсынды

1993 жылы туған Зинур Хамитовтың анасы оның Алматыда су тарату компанияда экспедитор болып жұмыс істегенін жеткізді. 9 тамыз күні ол 500 мың теңге көлемінде несие алып, оған көлік алмақ болған.

Бұл соманың 100 мыңына ол екі смартфон алған, 100 мыңын әріптесіне қарызға берген. Ал қалған 300 мыңын депозитке салып қойыпты. Анасының айтуынша, ұлының әріптесі ақшадан қиналып, отбасын асыра алмай жүрген көрінеді.

Әріптесінен қарызын алмақ болған алматылық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Суреттерді Зинур Хамитовтың анасы ұсынды

23 тамыз күні Зинут анасына қоңырау шалып, әріптесімен бірге Талғар ауданының Калинин ауылына бара жатқанын жеткізген. Айтуынша, сол күні ол ақшасына қайтарып алмақ болған. Алайда бұл оның соңғы қоңырау болыпты. Бұдан кейін Зинур хабарласпаған.

«Зинур өте мейірімді жан. Ол әріптесіне "жоқ" дей алмай, қарызға ақша берген. Негізінде, сол әріптесінің көлігінде ұлым телефоны мен планшетін ұрлатып алған. Мен сол күні сезгендей-ақ, оған "онымен бірге ақша алуға бармашы" деп өтінген едім. Тергеушіге де бірден ұлымның жоғалып кетуіне содан күмәнданып отырғанымды айттым", - дейді анасы.

Ұлымның қайда екенін білетін жандар болса, мына телефондарға хабарласуын сұраймын: +7 702 340 14 15, +7 705 117 91 30 немесе 102», - деп жазды әйел.

Жоғалған жігіт Алматы қаласы Алатау ауданы "Өжет" шағын ауданында тұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel