Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасы қалың жігіттер төсекте өздерін сенімді ұстайтын болып шықты

Опубликовано:

АҚШ-тың Нью-Мексико университеті ғалымдары төсек қатынасында өздерін сенімді ұстайтын жігіттерді анықтады. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Expomod.me
Көрнекі фото: Expomod.me: UGC

Ғалымдардың сөзінше, бет-әлпеттері симметриялы болып келетін жігіттер қыздарға тартымды болып көрінеді.

Бұл ерекшелікті арулар жақсы генетика мен мықты денсаулықтың белгісіндей қабылдайды екен.

Онымен қоса, беттері түп-түзу жігіттер еш тәжірибесі болмаса да, төсекте өздерін жақсы сезінетін болып шығыпты.

Зерттеу авторларының сөзінше, жігіттің сексуалды қабілеттерін оның қасынан да аңғаруға болады екен. Ер адамның қасы қаншалықты қалың болса, ол соншалықты төсекте өзін сенімді ұстайтын көрінеді.

Алайда, мұндай серіктесте эгоизм басым болуы мүмкін.

Бұл істе жіңішке қасты жігіттер өз аруына нәзік қарайтын болып шыққан. Бірақ, мұндай серілердің төсек қатынасын қызықсыз етіп жіберуі мүмкін екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1749329-kasy-kaly-zigitter-tsekte-zderin-senimdi-stajtyn-bolyp-sykty/

pixel