RU
Конор Макгрегор Хабиб Нұрмағамедовтың әкесін балағаттап тастады
Жаңалықтар Спорт

Конор Макгрегор Хабиб Нұрмағамедовтың әкесін балағаттап тастады

Рассказать Вконтакте

Танымал ирландиялық спортшы Конор Макгрегор ресейлік қарсыласының әкесін желіде балағаттап тастады. Ережесіз жекпе-жектің жарқын жұлдызы тағы да ерекшелене кетіп, Хабиб Нұрмағамедовтың әкесіне арнап жағымсыз жазба қалдырған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Конор Макгрегор Абдұлманап Нұрмағамедовқа қатысты жазба қалдырып, оны аяусыз сынап тастаған. Танымал спортшы қарсыласы Хабибке қатысты психологиялық қысымын бастап кеткен.Ол өзінің Instagram парақшасына ресейлік спортшының суретін жүктеп, оның астына мынадай жазба қалдырған.

"Абдұлманап мен сенің жасанды сыйласымдықтың артында тығылып тұрған күйіңді көріп тұрмын. Дәл ортаңғы ұлын іспетті. Дірілдеп тұрған қорқақ", - деп жазды ол.

Айта кетейік, ирландиялық жұлдыз Хабиб Нұрмағамедовтың өзінің шабуылы кезіндегі суретін жүктеп қойған.Конор Макгрегор өзінің азулы жазбалары мен ессіз қылықтарымен танымал болды. Ол жақын арада ғана Нұрмағамедов мінген автобусты шабуылдап, жауапкершілікке тартылған болатын.

Енді спортшылардың өзара өшпенділігі сегізбұрыш алаңында жалғаспақ.

Хабиб Нұрмағамедов өзінің Instagram парақшасында ирландиялық спортшыға арнап жазба қалдырды. Ол әкесін ел алдында балағаттаған Конор Макгрегорға жауап берді.

"Таңертен тұрып түсінгенім: кім бізбен емес, сол бізбен емес. Вайнахтар әрдайым бізбен. Соғысты күтіп жатырмыз", - деп жазған ол.

Ресейлік спортшы бұл жазбасымен жекпе-жек алдында жанкүйерлерін жігерлендіріп қойса керек. Көпшілік Хабибтің астарлы жазбасы ирландиялық жұлдызға арналғанын бірден айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel