RU
Ғалымдар ішімдікті аз ішу денсаулыққа зиянсыз деген тұжырымға қарсы шықты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар ішімдікті аз ішу денсаулыққа зиянсыз деген тұжырымға қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Вашингтон университетінің ғалымдары ішімдікті белгілі нормада қабылдауды денсаулыққа зиянсыз деген әріптестерінің тұжырымына қарсы шықты. Олар 2016 жылы үш миллион өлімнің ішімдік салдарынан болғанын дәлелдеді деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:steemit.com

Фото:steemit.com

Мамандар 195 елде жүргізген зерттеуде 1990 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықтағы адамдардың ішімдікті пайдалану көрсеткіші тексерілді. Ғылыми жұмыс барысында 592 ғылыми мақала мен ішімдікті пайдаланудың зияны мен тәуекелдері жөніндегі еңбектер қолданылды.

Соның арқасында ғалымдар ішімдік пайдаланудың ең ірі жүйесін жасап шығуға мүмкіндік туды.

Зерттеушілер 2016 жылы орын алған өлімдердің үш миллионы ішімдік салдарынан болғанын анықтады. Оған қоса, бұл көрсеткіштің 12%-ы 15-49 жас аралығындағы ер адамдар болып шыққан.

Мамандардың айтуынша, ішімдікті пайдалану қатерлі ісік пен жүрек ауруларына жиі соқтырып тұрады. Ең жаман жағдайы өліммен аяқталады.

Сонымен қатар, ғалымдар ішімдіктен толықтай бас тартқан жағдайда ғана ауыр дертке шалдығу қаупі болмайтынын дәлелдеген.

Ішімдік өлімі ең аз болған елдер қатарында Кувейт, Иран, Палестина, Ливия, Сауд Арабиясы, Йемен, Иордания және Сирия бой көрсетті. Ал керісінше, зиянды әдет салдарынан ең көп адам өлімі орын алған мемлекеттер арасында: Балтия және Шығыс Еуропа елдері, Ресей, Украина, Литва, Латвия және Белорусь.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel