RU
Кембридж университетінің түлегі Шпекбаевтың кеңесшісі атанды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Кембридж университетінің түлегі Шпекбаевтың кеңесшісі атанды

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы аймақтық департамент агенттігінің басшысы қызметіне Елена Степаненко тағайындалды. Ал агенттік төрағасының кеңесшісі қызметіне Лейла Йылдыз кірісетін болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елена мен Лейла. Фото: Баспасөз қызметі

Елена мен Лейла. Фото: Баспасөз қызметі

Елена Степаненко 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған, 2003 жылы Көкшетау университетін «заң» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы болып бастады. Жергілікті атқарушы органдарда үлкен тәжірибесі бар.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы лауазымына тағайындалмас бұрын облыстық деңгейдегі барлық қажетті мансаптық сатыларды өткен. Атап айтқанда, аталған департаментте бөлім басшысы, басқарма басшысы, одан кейін басшы орынбасары лауазымдарын атқарған.

Агенттік төрағасының кеңесшісі лауазымына Лейла Йылдыз тағайындалды. Ол қазіргі уақытта дейін Қазақстан президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Халықаралық серіктестік орталығының басшысы болып жұмыс істеген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «шет тілдер» мамандығы және Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін «дағдарысқа қарсы басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Кембридж университетінің философия магистратурасын сәтті бітірген. Назарбаев Университетінің PhD докторы.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Зерттеу және талдау жұмысында, сонымен қатар, заңның үстемдігі және қылмыстық сот әділдігі саласындағы жобалық қызметте мол тәжірибесі бар.

PRINCE2 Practitioner стандартына сәйкес жобаларды басқару бойынша сертификатталған тренер.

Жаңадан тағайындалғандарды құттықтай отырып, Төраға Агенттіктің гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп отырғанын, бұл қоғам дамуының, оның ішінде мемлекеттік қызметтің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылатындығын атап өтті.

Агенттіктің құрылымында қазіргі уақытта қызметкерлердің 52% -ы әйелдер болып табылады, сондай-ақ жыл басынан бері жеті әйел басшылық лауазымдарға тағайындалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel