RU
Алагөзовтер отбасындағы сот: Кім кімге қарсы шағым жасады?
Жаңалықтар Қоғам

Алагөзовтер отбасындағы сот: Кім кімге қарсы шағым жасады?

Рассказать Вконтакте

Алагөзовтер отбасы соттасуын жалғастыруда. Жоғарғы сот сайтында сот үкімі мен сотқа түсірілген шағымдар бойынша отбасына қатысты ақпараттар арагідік жария болып жатыр деп жазады NUR.KZ.

Алагөзовтер отбасындағы соттар. Коллаж NUR.KZ

Алагөзовтер отбасындағы соттар. Коллаж NUR.KZ

Тұрсын Алагөзовтің балалары әкесін және атасын пәтерден қууды ұйғарған. Бұған дейін Арсен Алагөзов сотқа Әл-Фараби даңғылындағы пәтерден әкесін қуып жіберуді талап етіп, шағым түсірген еді. Шағым сотқа екінші наурыз күні келіп түсіп, тамыздың басында Тұрсын элиталық пәтерді сот шешімімен босатуға мәжбүр болады.

30 шілде күні Тұрсын Алагөзов өз кезегінде сотта ұлына қарсы шағым түсіреді. Ол шағымында мүлікке құқы барын алға тартып, ұлын пәтерді сатып алу келісімшартынан алып тастауды талап етеді.

Бұған дейін Тұрсын Алагөзов босатуға мәжбүр болған пәтерінің жарты сомасын, яғни 300 млн теңгені өзі төлеп шыққанын жазған болатын. Арсен ол кезде 19 жаста еді.

Сол сәтте Тұрым Алагөзов те желіде өз пәтерінен айырылып қалуы мүмкін екенін сөз еткен. Нәтижесінде 10 тамыз күні қарияның немересі әрі Тұрсынның бірінші некеден қалған қызы Амина Марат Медеу сотынан атасын пәтерден шығаруды талап етеді. Бұл соттың отырысы келесі аптада өтпек.

Бұдан бөлек Жоғарғы сот сайтында сот фигуранттары ретінде «GALANZ bottlers» акционерлік қоғамы, Ляйсира Марат (Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі), Тұрым мен Тұрсын Алагөзовтің есімдері аталатын сот құжаттары баршылық.

Еске салсақ, бір жыл бұрын Тұрсын мен Ляйсира Бостандық сотында ресми түрде ажырасып кеткен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
3
3
1
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel