Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі ақын Абылай хан жоңғарлардың ұрпағы екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Танымал қазақ ақыны Мырзан Кенжебай Абылай хан жоңғардың ұрпағы болғанын айтты деп хабарлайды qamshy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rgmedia.kz
Фото: rgmedia.kz: UGC

Ақын өзінің берген сұхбатында ұлттың рухы сөніп қалғанын, қазақтардың, тіпті, тарихтарын дұрыс оқымайтынын айтты. Ол мектеп пен жоғары оқу орындарында тек қана "жоңғар шапқыншылығы" туралы сөз болатынын жеткізді.

"Халықтың рухы сөніп қалған. Соған қарамастан мақтаншақпыз. «Ержүрек, батыр халықпыз» деп мақтанамыз. Тіпті оқу орындарында тарихты дұрыс оқытпайды. Мектеп оқулықтарында да, университеттерде де айтатындары «Жоңғар шапқыншылығы».
Бірақ Қазақстанда жоңғарлармен қанды қырғын болған жоқ. Ара-тұра бір-бірін шауып кетіп отырған. Абылай ханның шешесі жоңғардың қызы болған. Абылайдың екінші әйелі жоғардың қызы. Абылай жоңғар Әмірсанамен дос болған.
Ал қазақтың рухын сөндірген, қазақтың тілін шұбарлап бүлдірген жоңғар да, қытай да емес, орыс. Қазақ тілінде сөйлегенде жоңғар немесе қытай тілін араластырып сөйлемейміз ғой", - деді ақын.

Сондай-ақ, Мырзан Кенжебай Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерін қазақ деп жаздыруды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749350-belgili-akyn-abylaj-han-zogarlardy-rpagy-ekenin-mlimdedi/

pixel