RU
БҰҰ: Ауғанстан лаңкестері Қазақстанға қауіп төндіріп отыр
Жаңалықтар Қоғам

БҰҰ: Ауғанстан лаңкестері Қазақстанға қауіп төндіріп отыр

Рассказать Вконтакте

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ауғанстан лаңкестерінің Орталық Азия елдеріне айтарлықтай қауіп тудырып отырғаны туралы айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ООН Ауғаныстан

ООН Ауғаныстан

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Ауғанстан лаңкестері тарапынан Орталық Азия елдеріне төніп отырған қауіп күшейіп келе жатқан көрінеді. Оған шетелдік әскерилердің Сирия мен Ирактан Ауғанстанға қарай ойысқаны себеп болып отыр, дейді БҰҰ өкілдері.

Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының орынбасары Владимир Воронков Қауіпсіздік кеңесі отырысында мәлімдеді.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров отырыста сөз алып, терроризммен күресті нығайту мақсатында халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде күш біріктіруге шақырды.

Осы орайда ол терроризм мен экстремизмнің жастар арасында тарап кетпеуіне көп көңіл бөлуі керек екенін атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel