RU
Ресейде автобус аударылып, Қазақстан азаматшасы зардап шекті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ресейде автобус аударылып, Қазақстан азаматшасы зардап шекті (фото)

Рассказать Вконтакте

23 тамыз күні Ресейдің Алтай Республикасында шағын автобус аударылды. Зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы да бар деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: Ресей ІІМ

Оқиға орнынан фото: Ресей ІІМ

Сыртқы істер министрлігінің агенттікке берген мәліметінше, зардап шеккен 1949 жылы туған қазақстандық әйелдің жағдайы ауыр.

"Ол қазіргі уақытта бас сүйек-ми жарақатымен Горно-Алтайск қаласындағы Республикалық ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр. Аталған мәселе біздің консулдықтың бақылауында", - деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, 23 тамыз күні Ресейдің Алтай аймағы Онгудай ауданындағы "Шу тракты" тасжолы бойындағы "Шіке-Таман" асуында "Istana" шағын автобусының аударылып қалған.

Оқиға орнынан фото: novo-tomsk.ru

Оқиға орнынан фото: novo-tomsk.ru

Салдарынан аудандық ауруханаға шағын автобустың ішіндегі 14 адам жеткізіліп, оның 12-і ауруханаға жатқызылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel