RU
Боксшы жекпе-жек басталған кезде шаршы алаңнан қашып кетті
Жаңалықтар Спорт

Боксшы жекпе-жек басталған кезде шаршы алаңнан қашып кетті

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Миннеаполис штатында өтіп жатқан Premier Boxing Champions турнирінде өте қызықты жағдай орын алған. Боксшы жекпе-жек басталған кезде шаршы алаңнан қашып кетіпті деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ESPN.com

Фото: ESPN.com

Ауыр салмақтағы америкалық Кертис Харпер мен нигериялық Ефе Аягбой арасындағы жекпе-жекте тарихтағы ең жылдам жеңіс тіркелді.

Алты раундқа есептелген сайыс қалыпты түрде басталған. Боксшылар рингке шығып, қолғап қағысқан. Содан соң әрқайсысы өз бұрышына кеткен екен.

Алайда ойынды бастайтын ысқырықтан соң, Харпер шаршы алаңнан шығып, залдан кетіп қалыпты.

Нәтижесінде, америкалық ойыннан шеттетіліп, Нигерия ойыншысы жеңімпаз атанған.

Харпердің неге бұлай жасағаны белгісіз. Тілшілердің хабарлауынша, боксшыға жеткілікті қаражат төлемеген және оған қажетті құрмет көрсетпеген екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel