RU
Әйгілі Моника Белучимен ажырасқан актер қара нәсілді қызға үйленді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әйгілі Моника Белучимен ажырасқан актер қара нәсілді қызға үйленді

Рассказать Вконтакте

51 жастағы танымал актер Венсан Кассель жап жас қызға үйленіп алды. Ер адам 21 жастағы сүйіктісі Тина Кунакидің заңды күйеуі атанды. Талдырмаш Моника Белуччимен ажырасып кеткен ол қара нәсілді бойжеткенге ессіз ғашық болғанын айтты деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Талай ер адамның арманы болған Моника Белуччидің жүрегін жаулай алған Венсан Кассель өзінен 30 жас кіші аруға үйленді.

Фото: cosmo.ru

Фото: cosmo.ru

Танымал актердің сүйіктісі шоу-бизнес саласынан мүлде алыс болған. Ол тіпті ер адамның әлемдік жұлдыз екенін де білмеген болып шықты.

Екі ғашықтың қосылуына жас айырмашылығы ешқандай әсерін тигізбеген. Олар бір көргенннен бір-біріне ғашық болып, сол күннен бері айырылыспағандарын айтты.

Кино саласының майталманын өзіне қаратып алған ару өзін модель саласында сынап көрмек болады. Сүйіктісінің танымалдылығының арқасында бойжеткен бірден жолы болып, әйгілі модельдік агенттікпен келісімшартқа отырып алған.

Өзі енді ғана сән әлеміне қадам басып келген Тинаның артынан оның туған інісі де модель болуды мақсат еткен.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel