RU
Атырау облысында шенеунік 400 мың теңге пара алды деп күдіктелуде (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Атырау облысында шенеунік 400 мың теңге пара алды деп күдіктелуде (видео)

Рассказать Вконтакте

Атырау облысында шенеунік 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/Youtube

Фото: Видеодан кадр/Youtube

Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары кезінде орман мен аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының теңіз бөлімі басшысы пара алғанын анықтады.

Ол тұлғадан жалпы қамқорлығы мен бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулауға теңізге кедергісіз шығуға рұқсат бергені үшін 400 мың теңге алған деген күдікке ілінді.

Қаржы шенеунікке өз жүргізушісі арқылы жетіпті.

Қазіргі уақытта бөлім басшысы мен оның көлік жүргізушісі өз кінәларын мойындап отыр.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel