RU
Астаналық тұрғын жоғалған әмиянын үйлену тойында тауып алды
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық тұрғын жоғалған әмиянын үйлену тойында тауып алды

Рассказать Вконтакте

Астаналық Әсет Сапаржанов неке қиятын күні әмияны мен құжаттарын жоғалтып, қызық жағдайға тап болыпты. Абырой болғанда құзырлы органдар құнды затты дер кезінде тауып, иесіне қайтарып берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі

Фото: Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі

Әсет Сапаржанов әдеттегідей такси тоқтатып, байқаусызда әмияны мен ақшасын, барлық банк карталарын, тіпті құжаттарына дейін сол көлікте тастап кетіпті.

Абырой болғанда, такси жүргізушісі ер-азаматқа тиесілі заттарды бірден ІІД-нің табылған заттар бюросына берген екен. Кейін ондағылар, әмиян иесі Әсет Сапаржанов екенін анықтап, оған қоңырау шалады.

Әмиянын жоғалтып алған ер-азамат оқиға дәл неке қиятын күні орын алғанын айтып беріпті. Ер адам өз кезегінде, жоғалған заттарды дер кезінде тауып берген такси жүргізушісі мен полиция қызметкерлеріне алғыс айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel