Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысына зымыран құлады (фото)

Опубликовано:

23 тамызда кешке Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылына жақын жердегі өртті сөндіру кезінде ракетаның бөлшегі табылды. Бірнеше гектарға жайылған далалықтағы қурған шөп өрт осы ракета құлаған соң өртене бастаған деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: azh.kz
Оқиға орнынан фото: azh.kz: UGC

ІІД ТЖ Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, оқиғадан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ, радиациялық ахуал қалыпты деңгейде. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының жанынан орын алған жайтты сараптау бойынша комиссия құрылды.

Оқиға орнынан фото: azh.kz
Оқиға орнынан фото: azh.kz: UGC

Интернеттегі ақпаратқа сәйкес, "Стриж" нысана зымыранының аспаннан құлаған бөлшегінің ұзындығы 7-8 метрді құрайды. Кейін оқиға орнын аудандық ІІБ қызметкерлері қоршауға алды.

Оқиға орнынан фото: azh.kz
Оқиға орнынан фото: azh.kz: UGC

Ракетаның қайдан ұшып келгені және кімге тиесілі екендігі нақтылануда.

Оқиға орнынан фото: azh.kz
Оқиға орнынан фото: azh.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1749406-atyrau-oblysyna-zymyran-klady-foto/

pixel