RU
Алматыда қарызын алуға кеткен жігіт өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда қарызын алуға кеткен жігіт өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

24 тамыз күні кешкесін Талғар ауданындағы саяжай алқаптарының бірінен жас жігіттің денесі табылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Зинур Хамитов. Фото NUR.KZ оқырманынан келген

Зинур Хамитов. Фото NUR.KZ оқырманынан келген

Құқық қорғау органдарымен жақын араласатын дереккөздің ақпаратына сәйкес, мәйіт су қоймасынан табылған.

Облыстық ІІД мәліметінше, марқұмның туыстары мәйітті таныған.

"Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп хабардар етті ведомстводан.

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, қайтыс болған ер адам 23 тамызда қарызын алуға кетіп, қайта оралмаған алматылық Зинур Хамитов.

Бұл ақпаратты агенттікке жас жігіттің туыстары мәлімдеген.

Сонымен қатар Хамитовтің денесі табылғанын Sputnik Қазақстан агенттігіне Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет те растаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін NUR.KZ оқырманы әріптесінен 100 мың теңге қарызын алуға кеткен ұлының жоғалып кеткенін айтып, жанайқайын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
8
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel