RU
Ғалымдар ең қауіпті азық-түлікті анықтады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар ең қауіпті азық-түлікті анықтады

Рассказать Вконтакте

Кокос майы ең қауіпті азық-түлік деп танылды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жеміс. Көрнекі фото: wallpapers.99px.ru

Жеміс. Көрнекі фото: wallpapers.99px.ru

Фрайбург университетінің онкологиялық аурулардың алдын алу мен эпидемиология институтының зерттеуіне сәйкес, кокос майы қазірде тамаққа да, косметиканың құрамында да пайдаланылып жүр.

Бірақ зерттеушілердің айтуынша, бұл май ең нашар өнімдердің қатарында. Бұл кокос майы құрамының 80 пайыздан астамы қою майдан тұруымен байланысты.

Ғалымдардың айтуынша, кокос майы "жаман холестериннің" мөлшерін арттырады, салдарынан адам жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
4
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel