RU
Күн санап құлдырап жатқан теңге бағамы қандай болмақ?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Күн санап құлдырап жатқан теңге бағамы қандай болмақ?

Рассказать Вконтакте

Бүгін бір доллар - 361 теңге. Еркін өзгермелі айырбастау бағамын енгізу шешімінің қаншалықты дұрыс, не бұрыс болғанын қаржыгерлер, экономистер мен брокерлер өткен үш жылға қарап бағалап көрген еді деп хабарлайды 31 арна.

Теңге. Көрнекі фото: kapital.kz

Теңге. Көрнекі фото: kapital.kz

Құбылмалы экономиканың ауыспалы курсын талқылауға жиналдық деп өзара әзілдескен экономистер Ұлттық банктің ұзақ баяндамасының әр сөзін қалт жібермей тыңдап шықты.

Банкирлер еркін айналымдағы бағам сыртқы күйзелістерді қабылдап, теңгерімсіздіктің жинақталмауына мүмкіндік беретінін айтты. Қарапайым тілге аударғанда теңгенің тұрақтылығын сақтап тұру үшін ұлттық қор ақшасы алдағы жылдардағыдай миллиардтап шашылмайды деген сөз.

"Жыл басынан бері Ресей рублі 18 пайызға, ал теңге небәрі тоғыз пайызға әлсіреді. Теңге дамыған елдердің валютасына қарағанда әлсірегенімен, Ресей, түрік валюталарына қарағанда нығайған", - дейді Ұлттық банк басқарма басшысы Әлия Молдабекова.

Бағамның тұрақсыздығы тұрғындардың ақша сақтаудағы шешіміне лезде әсер ететінін банкирлер жақсы түсінеді. 2016 жылдың басында 70 пайызға жеткен теңгелік депозиттер шілдеден кейін 45 пайызға дейін азайып қалған.

"Егер біз зейнетақы қоры жинақтала басталған 98 жылдан бері қаражаттың бір бөлігін америкалық трежериске, инфляция бойынша +3 пайыздық теңгелік облигацияларға салсақ, біз теңгеде ұтар едік. Барлық тоқырауларды, девальвацияларды ескергеннің өзінде ұтар едік", - дейді қаржыгер Әсет Наурызбаев.

Жағдайды оңалту үшін Ұлттық банк теңгенің долларға қатысты биржалық бағамын белгілеу тәртібін өзгертіп, оны шетелдік инвесторларға қолайлы етіп бір күнге шегерді. Алайда бір ай уақыт өткенмен, одан да еш нәтиже жоқ.

"Соңғы бірнеше жылда дағдарыстан кейін Қазақстан компанияларына шетелден қарыз алу өте қиын болды. Курс тұрақтылығын қамтамасыз ететін саясат та шетелден инвестиция тартуға көмектеспеді. Енді қазір шетелдік қаражатты елге тарту үшін күресу керек", - дейді Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Айдархан Құсаинов.

Дегенмен көп талқының ішінде жауабын таппаған бір сұрақ көкейді кернеп қала берді. Доллардың өсуі тоқтайтын биіктік межесі бар ма?

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
2
1
1
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel