RU
Көлігін ұрлағалы жатқанын көрген жігіт тыр жалаңаш үйінен атып шықты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Көлігін ұрлағалы жатқанын көрген жігіт тыр жалаңаш үйінен атып шықты

Рассказать Вконтакте

Англияның Ньюкасл қаласында он мың фунт стерлинг тұратын Range Rover көлігін бозбаланың ұрлағалы жатқанын байқап қалған ер адам түн ішінде тыр жалаңаш далаға атып шықты деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Ұры. Көрнекі фото: Днепр Час

Ұры. Көрнекі фото: Днепр Час

Ер адам көлігінің дабылын естіген бойда, үйінен жалаңаш күйде атып шығып, 17 жасар бозбаланы жерге алып ұрады.

Сөйтсе, қымбат темір тұлпардың иесі көлігін бекітуді ұмытып кетіпті. Ал жас автоұры мас болып шықты.

"Бар мақтанышым – осы көлігім. Оны ешкімнің ұрлауына жол бермеймін", — дейді Range Rover иесі.

Темір тұлпар иесі ұрының үстінен шағымданғысы келмейтінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel