RU
Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
Жаңалықтар Қоғам

Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов АҚШ-та кәсіпқой рингте үшінші рет жеңіске жетті деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сағадат Рахманқұловһ. Фото: Қазақпарат

Сағадат Рахманқұловһ. Фото: Қазақпарат

Бүгін таңертең Рахманқұлов Глендейлдегі Gila River Arena-да рингінде америкалық боксшы Кристиан Агирреге қарсы жекпе-жек өткізді.

Алты раундтың нәтижесіне сәйкес, қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңімпаз атанды 59-55, 59-55, 60-54. Бұл Сағадат Рамнқұловтың кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі.

Ал оның қарсыласы Агирре маңсабында жеті рет жеңіске жетіп, осымен үшінші рет ұтылып отыр. Еске салайық, Рахманқұлов үшін бұл Боб Арумның "Top Rank" промоутерлік компаниясының ұранымен өткізген алғашқы айқасы болды. Қазақстандық боксшының ісін танымал менеджер Эгис Климас жүргізіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel