RU
Қызылорда облысында анасынан ақша алмақ болған жігіт оны пышақпен қорқытқан
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылорда облысында анасынан ақша алмақ болған жігіт оны пышақпен қорқытқан

Рассказать Вконтакте

Байқоңыр қалалық сотында анасынан ақша алу үшін оны пышақпен қорқытқан жігітке қатысты іс қаралды деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lentachel.ru

Фото: lentachel.ru

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабымен сотталушыға қатысты қылмыстық іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен жүргізілді.

Байқоңыр қалалық сотының мәліметіне сүйенсек, сотталушы азамат Байқоңыр қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан пәтерде жанжал шығарған. Жанжал барысында айыпталушы асхана пышағымен ақша бермегені үшін анасын "өлтіремін, пышақтаймын" деп қорқытқан.

"Аталған іс әрекеті арқылы азамат ҚР ҚК-нің 115-бабына сай заңға қайшы әрекет жасаған", - деп хабарлайды Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабымен кінәлі деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (48100 теңге) айыппұл салуға үкім етті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel