RU
Түркістан обылысында жаңадан салынып жатқан мейрамхана өртеніп кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан обылысында жаңадан салынып жатқан мейрамхана өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында жаңадан салынып жатқан бір қабатты тойхана жанып кетті деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Фото: Түркістан облысы ТЖД

Фото: Фото: Түркістан облысы ТЖД

"2018 жылғы 24 тамызда сағат 13-52 шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен. Хабарламада Сайрам ауданы Арыс ауылдық округі Қожақорған ауылында бір қабатты жаңадан соғылып жатқан "Венера" тойханасында өрт болды. Көлемі 1152 шаршы метр болатын мейрамхананың бөлмелері және шатыры жанған. Өрттің салдарынан тойхана шатыры опырылып түскен. Зардап шеккендер жоқ", - делінген құтқару қызметінің хабарламасында.

Өрт сағат 14:35-те ықшамдалып, сағат 15:42-де толық сөндірілген.

Бүгінде өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнында ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру бөлімшелерінің 29 адам жеке құрамы, 6 дана техникасы жұмылдырылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel