RU
Каратеші қазақ жігіті Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Жаңалықтар Спорт

Каратеші қазақ жігіті Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Рассказать Вконтакте

Каратеші Дидар Әмірәлі Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ол финалда кувейттік қарсыласы Әли Абдуазизге 0:4 есебімен жол беріп, Азия ойындарының күмісіне қол жеткізді. 

Дидар Әмірәлі 1/16 финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысын ұтса, 1/8 финалда Таиланд өкілінен басым түсті. 

Ширек финалда Шри-Ланка спортшысын тізе бүктірген Дидар жартылай финалда индонезиялық каратешіні жеңді. 

Айта кетейік, кеше Қазақстан қоржыны тағы бір қола медлаьмен толықты. Жеңіл атлет Элина Михина 400 метрге жүгіруде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel