RU
Алматы облысында көлік ұрлап бара жатқан күдікті жол үстінде ұсталып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында көлік ұрлап бара жатқан күдікті жол үстінде ұсталып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында "Марк-2" маркалы көлікті ұрлап бара жатқан 21 жастағы күдікті жол үстінде қолға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ibirzha.kz

Көрнекі фото: ibirzha.kz

Анықталғандай, жас жігіт көлікті Алматы қаласынан қолды етіп, бірнеше сағаттың ішінде ұсталған.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, тәртіпке бағынбай тоқтамай кеткен. Күдіктінің ізіне түскен полиция қызметкерлері жүргізушіні ақыры тоқтатқан.

Белгілі болғандай, көлік бірнеше сағат бұрын Алматы қаласындағы Алмалы ауданынан ұрланған болып шықты. Ал жүргізуші көлікті Жамбыл облысына апара жатқан екен.

Көліктің тізгініндегі жігіт ұсталып, жақын маңдағы ішкі істер бөліміне жеткізілген.

Аталған ведомства күдікті осыдан бір апта бұрын Алматыда ұрланған "Митцубиси Паджеро" көлігінің ұрлығына да қатысы бар болып шыққанын хабарлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel