RU
Үш қыздың әкесі атанған Төреғали ұлды болғысы келетінін жасырмай айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Үш қыздың әкесі атанған Төреғали ұлды болғысы келетінін жасырмай айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әншінің ұлды болуды армандайтынын айтқан видеосы желіге тарап кетті. Үш қыздың әкесі атанған Төреғали Төреәлі ұрпағын жалғастырар ұл баласының болғанын қалайтынын жасырмады деп жазады NUR.KZ.

Ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен видеожазбада Төреғали Төреәлі жанкүйерінің кішкентай ұлымен суретке түсіп тұрғаны көрініс табады. Отандық әнші табынушысының баласын иіскеп және қайта-қайта сүйіп, өзіне жұғысты болсын деп айтады.

"Маған да тезірек жұғысты болсын" , - деп айтты әнші.

Бүгінде Төреғали үш қыздың әкесі атанып отыр. Отандық жұлдыздың ұлды болғысы келетіні желі қолданушыларын тәнті етіп, көпшілік оған өзінің игі тілектерін жаудырды.

"Сізге де Алла қаласа жұғысты болсын"
"Бір емес, екі ұлыңыз болсын"
"Алла қаласа. Төрештин ықыласына береді Аллам ұлды"
"Болады бұйртса, әлі жассыздар ғой", - деп жазып жатты оқырмандар.

Аталмыш видеоны Төреғали өзінің парақшасына жүктеп қойған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel