Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Еспанов неліктен қартаймайтынын ашық айтты (видео)

Опубликовано:

Oybay Life жобасына қатысып, қазіргі қоғамдағы және шоу бизнестегі түрлі мәселелер жөнінде ой өрбіткен Нұрлан Еспанов өзін "қартаймайтын" түр-келбеті туралы да тоқтала кетті. 45 жасқа келсе де шашына ақ түспеген өнер жұлдызы жас болып көрінуінің құпиясымен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Сұхбат барысында әнші немерелі болса да, жас көрінетіні туралы сөз қозғады. Айтуынша, оның қазіргі келбеті - табиғаттың берген сыйы. Себебі, ол ешқандай жасартатын процедураларды бетіне жасамайды екен.

Ол ботекс жасатып, бетіне крем жағатын әріптестерінің қатарында емес екенін атап өтті. Алайда әнші шашын күніне екі реттен кем жумайтынын жасырмады. Ұзын шашты күту оңай емес деген әнші стилін өзгерту ойында жоқ екенін де жеткізді.

Бағдарламаның толық нұсқасын NUR.KZ. Oybay Life жобасынан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749528-nrlan-espanov-nelikten-kartajmajtynyn-asyk-ajtty-video/

pixel