Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елінің сүйіктісіне айналған ең беделді президент кім?

Опубликовано:

Президент дегенде көпшілік бірден қатал образдағы адамды елестетеді. Алайда, бұл тұжырым Ирландия басшысына мүлде келіспейді. Майкл Хиггинс өз халқына асқан мейірімділігі мен сүйіспеншідігімен танымал болды. Соған байланысты, ол өз елінде көпшіліктің үлгі тұтар тұлғасына айналған деп жазады ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ofigenno.com
Фото: ofigenno.com: UGC

Майкл Хиггинстің түріне қарағанда да оны ел басшысы деп айту қиынға соғады. Өйткені, Ирландия президентін көпшілік ғажайып фильмдердегі сиқыршы мен қарапайым ақкөңіл атаға ұқсатып жатады.

Ел басшысы өз иттерін ерекше жақсы көреді. Тіпті, оларды кейбір ресми шараларға өзімен бірге апаратын кездері де болған.

Майкл Хиггинс 77 жаста болғанына қарамастан әлі де велосипед теуіп, түрлі жаттығулармен айналысуды ауыртпашылық көрмейді.

Ол өз шенін мүлде қолданбайды десек те болады. Президент қарапайым адамдар секілді банкоматтан ақша шешу үшін кезекте тұрады.

Бір жиын барысында ол өзін қайта президенттікке тағайындаса, ол осы сүйкімді қалпында қала беретінін айтып, жұртты күлдірген болатын.

Ирландия халқы өз президентін қатты жақсы көреді. Көпшілік оның қарапайымдылығы мен асқан мейірімділігіне тәнті.

Ирландиялық бойжеткен қалжын ретінде президентті өз тойына шақырмақ болып, оған арнайы хат жібереді. Мүлде үміттінбеген ару елбасыдан келген жауапты көргенде өз-өзіне сене алмаған.

Президент барынша отандық құрамалардың ойындарынан қалыспауға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1749533-elini-sjiktisine-ajnalgan-e-bedeldi-prezident-kim/

pixel