Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік дөңгелегін ұрлаған үш азамат ұсталды

Опубликовано:

Алматы қаласының жол-патрульдік полициясы көлікке ұрлыққа түскен үш азаматты ұстады. Алмалы ауданында болған бұл қылмыс туралы Алматы қаласы Ішкі істер департаменті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі: UGC

Мәлімет бойынша, күдіктілер "Тойота Венза" маркалы көлігінің екі дөңгелегін шығарып алған.

Істерін бітірген соң азаматтар "Хюндай Акцент" автокөлігіне жасырынған екен. Бұл көлік Гоголь-Нұрмақов көшелерінің қиылысында тоқтатылды.

Ұсталғандардың аты-жөндері анықталып, мүліктік заттары тәркіленді. Олар 1991, 1994 және 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматары болып шықты.

Қазіргі уақытта Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасында қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1749534-almatyda-klik-dgelegin-rlagan-s-azamat-staldy/

pixel