RU
Қазақстандық бизнесменнің әйеліне Париждегі қымбат пәтері ұнамай қалды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық бизнесменнің әйеліне Париждегі қымбат пәтері ұнамай қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық азамат қоғамда үлкен резонанс тудырған Париждегі пәтерін сатылымға шығарды. 65 млн еуроға сатып алынған баспана отандық миллионердің әйеліне ұнамай қалған деп деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото Игнас Мювиссеннің жеке мұрағатынан алынды

Фото Игнас Мювиссеннің жеке мұрағатынан алынды

Франция астанасының бай ауданында орналасқан сән-салтанатты пәтерді үшін үй иесі 125 миллион еуро сұрап отыр. Бұл пәтерді сатып алған бағасынан екі есеге қымбат.

Бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен Sputnik агенттігіне айтқандай, пәтер қазақстандықтың әйеліне ұнамай қалыпты.

"Қазақстандықтың әйелі енді бұл үйде тұрғысы келмейді", — дейді брокер.

Қоғамның назарына іліккен құны 65 миллион еуро тұратын пәтер иесінің кім екенін риелтор құпия сақтап отыр. Бірақ Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті оның шенеунік емес екенін мәлімдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel