RU
Ер адам өтемақы талап еткен бұрынғы әйеліне 890 келі ақша салып жіберді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ер адам өтемақы талап еткен бұрынғы әйеліне 890 келі ақша салып жіберді

Рассказать Вконтакте

Индонезияда сот арқылы бұрынғы күйеуінен өтемақы талап еткен әйел 890 келі ақшаға ие болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы glavnoe.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаражат. Көрнекі фото: Бизнес-новости

Қаражат. Көрнекі фото: Бизнес-новости

Келіншек сотта бұрынғы күйеуінен 178 миллион индонезиялық рупий (шамамен он мың еуро) өтемақы талап етеді.

Дви Сусиларто бұл талапты орындаудың оғаш жолын ойлап тапты. Ол аталмыш соманы сары бақыр тиындармен қайтаруды ұйғарады. Нәтижесінде аталған сома 890 келі салмаққа жетеді.

Ол сотқа өтемақыны жүк көлігіне тиеген күйі алып келеді. 13 қап қаражаттың әр қабы 70 келіге барған.

Дви бұрынғы әйелі Хети Сетиоватимен тоғыз жыл бірге тұрған. Екі баласын бағып-қағу үшін өтемақы талап еткен бұрынғы әйелі ақша тиынмен берілгеніне қарамастан, өтемақыдан бас тартпады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel