RU
Тойға шығып, жерлеуге бардық: Шымкентте жол апатынан бүтін бір отбасы ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Тойға шығып, жерлеуге бардық: Шымкентте жол апатынан бүтін бір отбасы ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жан түршігерлік жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан үш марқұмның денесі жер қойнына тапсырылды. Апат нәтижесінде бір отбасы мүшелері-енесі, келіні мен екі айлық нәресте көз жұмған еді деп хабарлайды bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Автордан/ bnews.kz

Фото: Автордан/ bnews.kz

Қаза болғандардың туыстары (олардың саны 250-дей) Қазақстанның әр аумағынан үлкен тойға қамданып шыққан. Олар жанұяның жеті жылдан аса күткен сәбиін қырқынан шығаруға асыққан екен. Алайда, меймандар той емес, жерлеу рәсімінің үстінен түсеміз деп ойламаса керек.

Фото: Автордан/ bnews.kz

Фото: Автордан/ bnews.kz

"Біз жұбайымыз екеуміз алғашқы сәбиімізді ұзақ күткенбіз. Дәл сол күні әйелім, анам мен қызым үшеуі әпкемнің үйінен "Доэ Джентра" көлігімен келе жатқан. Рысқұлов көшесінде Қонаев бульвары бағытында жүрген олар Адырбеков көшесіне бұрылатын болыпты.
Алайда, дәл осы кезде менің анамның көлігіне "Мерседес" көлігі соғылған екен. Осы мезетте жұбайым мен қызым көлік салонынан ұшып кеткен. Әйелімнің басы жарылып кетіпті" ,- деді көз жасын тоқтата алмаған күйеуі.

Ал қазіргі уақытта дәрігерлер "Мерседес Бенс" көлігінде болған жолаушы қыздың өмірі үшін күресіп жатыр. 1996 жылы туған бойжеткен ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түсіпті.

Фото: Автордан/ bnews.kz

Фото: Автордан/ bnews.kz

Ақ халаттылардың көмегі "Мерседес"көлігінің жүргізушісі, 1999 жылы туған азаматқа да қажет болған екен.

Қазір көлік оқиғасына қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
36
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel