RU

Жеті жыл бойы лимонад сатқан балалар зәулім пәтерге ақша жинап алды

АҚШ-тың Хьюстон қаласында он жасар Дэвид пен 12 жасар Зак Тэннер жеті жыл бойы лимонад сату арқылы су жаңа пәтерге ақша жинап алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы facenews.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балалар. Фото: facenews.ua
Балалар. Фото: facenews.ua: UGC

Қолдан жасалған лимонадты сату арқылы жеке кәсібін ашқан балалар күнделікті жүз доллардан кем емес табысқа кенеледі.

Балалар қаржы нарығында инвестор болып жүрген әкесінен үлгі алып, бар табыстарын акцияларға құйып отырған. Нәтижесінде қомақты қаражат жинаған балалар жаңадан салынып жатқан элиталық пәтерлердің бірін сатып алды.

"Мен инвестиция жасағанды ұнатамын. Жұмыс істемей ақша тапқан жақсы", - дейді 12 жасар Зак.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1749550-zeti-zyl-bojy-limonad-satkan-balalar-zulim-pterge-aksa-zinap-aldy.html