RU
Астанада күшті желден қираған Пирамида əлі күнге дейін жөнделмей тұр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада күшті желден қираған Пирамида əлі күнге дейін жөнделмей тұр (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада маусым айында болған күшті жел мен жауынның салдарынан қираған "Пирамида" əлі күнге дейін жөнделмей, сол қалпы тұр. Тұрғындар "жаздың бітуіне аз қалды, биыл жөнделмесе, қала қонақтарының алдында ұятқа қаламыз" дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

"Бейбітшілік жəне келісім сарайы"

"Бейбітшілік жəне келісім сарайы"

Астанада маусым айында қатты жел мен нөсердің салдарынан қаланың басты нысаны саналатын "Пирамиданың" сыртқы келбетінің күл-талқаны шыққан еді. Өкініштісі, ғимарат сырты əлі күнге дейін жөнделмеген.

"Бейбітшілік жəне келісім сарайы"

"Бейбітшілік жəне келісім сарайы"

"Біз "Пирамиданың" жанындағы "Гранд Астана" тұрғын-үй кешенінде тұрамыз. Мына жерден бəрі көрініп тұрады. Жел мен жаңбыр болғалы қай заман? Бірақ көргендеріңіздей бəрі сол қалпы тұр. Бізден бұрын, қала қонақтарынан ұят. Анау төбесіндегі шыныларды алыстан қарағанда ауытырған сияқты болып көрініп тұрады. Бірақ жақыннан көргендеріңіздей, бəрі бəз баяғы қалпы. Тездетіп жөндемесе, қысқа аз уақыт қалды",-дейді қала тұрғындары.
"Бейбітшілік жəне келісім сарайы"

"Бейбітшілік жəне келісім сарайы"

Ресми атауы "Бейбітшілік жəне келісім сарайы" деп аталатын нысанның бергі беті "жылтырап" тұрса да, саябақ жағы көңіл көншітерлік жағдайда емес. Жолдары тілім-тілім болып, айырылып кеткен.

Тілім-тілім жолдар

Тілім-тілім жолдар

"Бұған көзіміз үйренген. Астананың кез келген көшесінен мұндайды жиі кездестіресіз. Қисық-қисық, тілім-тілім жол. Бəрі белгілі дүние ғой, осыған бөлетін ақшаларды жеп қояды да, осылай сапасыз жолдар пайда болады", - дейді тұрғындар.
Тілім-тілім жолдар

Тілім-тілім жолдар

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel