RU
Алматыда 55 жастағы ер адамды қағып өлтірген көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда 55 жастағы ер адамды қағып өлтірген көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласындағы Саин көшесінің бойында Lexus автокөлігін тізгіндеген жүргізуші 55 жастағы ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында жан тапсырған. Қатты жылдамдықпен келе жетқан көлік иесі ер адамға көмектеспей, бірден қашып кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: alau.kz

Фото: alau.kz

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам жаяу жүргіншілер көпірінің астынан өтіп бара жатқанда, болжам бойынша, Lexus көлігі қатты жылдамдықпен басып кеткен.

1963 жылы туған ер адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Кісіні қаққан авто оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі таңда тергеушілер, жол полициясы мен іздеу бөлімінің қызметкерлері мән-жайды анықтап, көлік жүргізушісін табу мақсатында шаралар атқаруда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel