RU
Павлодарлық шенеунік отбасымен бірге жол апатынан көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарлық шенеунік отбасымен бірге жол апатынан көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының Мәдениет, мұрағат және құжаттама басақармасының басшысы Ардақ Райымбеков пен оның отбасы жол апатынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға бүгін түнде Омбы-Майқапшағай тас жолында болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: pavlodar.gov.kz

Фото: pavlodar.gov.kz

Павлодар облыстық ІІД мәліметінше, автокөлік пен жүк көлігінің соқтығысуынан 4 адам қаза болған.

Олардың ішінде BMW көлігін тізгіндеген Ардақ Райымбеков те болған. Шенеунікпен бірге оның 36 жастағы жұбайы мен 3 жасар қызы, тағы бір жолаушы көз жұмған.

Аудандық ІІД хабарлауынша, жергілікті ауруханаға тағы екі адам жеткізілген. Олар BMW автокөлігінде болған.

Жол апатынан кейін НОWО жүк көлігінің жүргізушісі ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Алдын-ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі ішімдік қолданбаған.

Қазір аталмыш оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
6
2
17
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel