RU
Танымал саясаттанушы министрдің кеңесшісі болып тағайындалды
Жаңалықтар Қоғам

Танымал саясаттанушы министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Танымал саясаттанушы Айдос Сарым Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қоғам қайраткерінің өзі Facebook парақшасында хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Айдос Сарымның facebook парақшасынан алынды

Фото: Айдос Сарымның facebook парақшасынан алынды

Саясаттанушының сөзінше, ол бүгіннен бастап Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың штаттан тыс кеңесшісі болған.

"Бүгінгінің бір жаңалығы. Өткенде қазақ көші туралы үлкен жиын болып еді. Сол жиынды өткізген кезде қазақ көшін жандандыру тұрғысында жол картасын дайындау, қабылдау туралы ортақ шешім қабылданған болатын.
Соны жүргізу мақсатында, еліміздегі мемлекеттік емес ұйымдар мен министрлік арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, қолдан келгенше дәнекер болуға келіскен едік. Бүгін соның шешімі шықты.
Бүгіннен бастап Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың штаттан тыс кеңесшісі деген қоғамдық жұмысқа кіріспекшімін. Жақсы ой-ұсыныстар болса жұртпен кезігіп, соларды министрлік құзырына жеткізуге әзірмін.
Бұл жұмыс ешбір осыған дейінгі тірлік пен міндеттемелерге қайшы болмайды деп санаймын. "Жаңа Қазақстан" ұйымындағы жұмысым да жалғаса береді", - дейді Айдос Сарым.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel