RU
"Бұл рас": Атырау облыстық ІІД басшысының досы атышулы видеоға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Бұл рас": Атырау облыстық ІІД басшысының досы атышулы видеоға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Көпшілікке танымал бизнесмен Махмуд Мералиев әлеуметтік желіде шу тудырған видеоға қатысты пікір білдірді. Минскідегі казинода түсірілген бейнероликте кәсіпкермен бірге Атырау облыстық ІІД-нің қазіргі басшысы Аян Дүйсембаев те болған деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: khersondaily.com

Иллюстрациялық фото: khersondaily.com

Қазір Меккеде қажылықта жүрген Махмуд Мералиев желіде жұрттың қызу талқысына түскен бейнежазбаның монтаж еместігін растады. Дегенмен, бұл бейнероликтің 2014 жылы ғаламторда жарияланғаны белгілі болды және сол кезде облыстық ІІД бастығының орынбасарының осы жағдайға қатысы бойынша Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізген.

"Иә, 2014 жылғы қазан айында біздің Минскіде болғанымыз рас. Тек көрсетілген цифрлар қате әрі ойнаған ол емес, мен. Біз 40 жылдан бері доспыз, балалық шақтан біргеміз, соңғы 20 жылда отбасыларымызбен бірге демалуға барамыз. Сол кезде Аян Сәбитұлы да еңбек демаласында еді, біз топ болып Минскіге жол тарттық. Ойынханаға мені қызығушылығымды білетін танысым, казиноның директоры Осман Башар шақырған еді.
Мен келдім, ішіп, мас болдым, өзімді лайықсыз ұстадым. Менің әйелім Дүйсембаевқа телефон шалып, оның келіп, мені осы жерден алып шығуға көмектесуін өтінді. 20 миллион дегендері де өтірік. Егер қызығушылық танытсаңыздар, менің пластикалық картамның банктік есебі бойынша тексеруге болады. Минскіге чемодан толы қолма-қол ақша апарғанымыз тіпті сандырақ", - дейді кәсіпкер Махмуд Мералиев.

Сонымен қатар кәсіпкердің сөзінше, ол Қазақстанда осыдан 20 жыл бұрын жұмыс істеп кеткен Осман Башармен таныс болған. Алайда ол әлдеқашан Түркияға оралған екен.

Ақжайық тілшілеріне Осман Башар шынымен 2014 жылдың қазанында Махмудты Минскідегі "Карат" ойынханасына шақырғанын мойындаған.

"Біз бүгін ойынхананың иесімен телефон арқылы сөйлестік, ол да біз сияқты видеоның ютубте тарап кеткеніне аң-таң. Мералиевке ешқандай талабымыз жоқ, бұрын да болмаған", - дейді Башар.

Ал 2015 жылы түбегейлі өзгеріп, намазаға жығылып, қажылыққа барғанын айтқан Махмуд Мералиев жеке өміріне қол сұққандарды сот алдында жауапкершілікке тартуға ниетті екенін білдіріп отыр.

"Өзгелерді талқылап, сыртынан сөз айтуға асыққандардың жүректері тазарса екен деп тілеймін, мен сияқты болмасын, жақсы қадамдар жасасын. Өзгерсін, құдай жолына менен де ерте келсін", - дейді кәсіпкер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel