RU
"Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы" атты конференция болып өтеді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы" атты конференция болып өтеді (видео)

Рассказать Вконтакте

28 тамызда сағат 15.00-де Тараз қаласының "Достық" үйінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы" тақырыбында ғылыми тәжірибелік конференция өтеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: mfa.kz

Фото: mfa.kz

Конференция жұмысына арнайы қонақ ретінде "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің профессоры Айман Медеубайқызы, "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбайұлы рухани мұрасы бай еліміздегі тарихи зерттеулер туралы баяндайды. 

Конференция жұмысына Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті және Тараз инновациялық гуманитарлық университетінен таңдаулы ғалымдар қатысады. 

Келем деушілерге есік ашық, асығыңыздар!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel