RU
Қарызын қайтармақ болған алматылық жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қарызын қайтармақ болған алматылық жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

Рассказать Вконтакте

Қарызын қайтаруға шығып, өлі күйінде табылған алматылық жігіт Зинур Хамитовтың өліміне қатысты төрт күдікті ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Зинур Хамитов. Фото NUR.KZ оқырманы

Зинур Хамитов. Фото NUR.KZ оқырманы

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 23 тамыз күні полицияға жас жігіттің жоғалғаны туралы оның анасы хабарлаған.

Анасының айтуынша, Зинур танысынан 100 мың теңге қарызын алуға кетіп, сол беті қайтып оралмапты. Келесі күні Талғар ауданының жекежайлар маңынан жігіттің мәйіті табылды.

Полицейлер жігіттің өліміне қатысты 20-24 жастағы төрт жігітті құрықтады. Олар уақытша оқшаулағышқа қамалған.

Тәртіп сақшылары олардың қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін заттай айғақтар табылғанын алға тартуда. Күдіктілер өз кінәсін мойындап отыр екен.

Қаза болған жігіттің әпкесінің сөзіне сенсек, Зинурдің денесінде сау тамтығы қалмаған. Қылмыскерлер оны адам танымастай күйге түсіріп, әбден соққыға жыққан көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel