RU
Түркістан облысында көңілдесі үшін әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған азамат жеңіл жазамен құтылды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында көңілдесі үшін әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған азамат жеңіл жазамен құтылды

Рассказать Вконтакте

Көңілдесі үшін әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған азамат жеңіл жазамен құтылып кетті. Айыпталушының аппеляциялық сотта ісі сараланып, судья он бір жыл жазаны бірден бір жылға қысқарту туралы шешім шығарды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жұлдыз. Фото: NUR.KZ

Жұлдыз. Фото: NUR.KZ

"Жұлдыз Мауленқұлова қайтыс болған күні күйеуі өлімші етіп ұрып-соққан. Қылымстық іс жүргізу барысында марқұм келіншектің қиналып өлгендігі анықталған", - дейді туыстары.

Медициналық сараптама жұмыстарының нәтижесі бойынша, Жұлдыздың екі қабырғасы, тіл асты сүйегінің сынғаны және денесінен бірнеше жарақат салынғаны анықталған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, көптеген дәлел бола тұра, айыпталушының жазасы он бір жылдан бірден бір жылға қысқартылыпты.

"Жұлдыз қиналып өлген. Оны әдейі өлтірді. Күйеу баламыз Жұлдызды құртып, көңілдесімен бақытты өмір сүргісі келді. Сотта күйеу баламызға "Лола" есімді азаматша хабарласып жүргенідігі анықталды.

Осы ойын іске асыру үшін Жұлдызды әдейі өлтірді. Ұрып өлтіргенін медициналық сараптама анықтап берді. Соған қарамастан, қайта қаралған сотта судья сотталушыға бір жыл ғана жаза берді", - дейді ашынған марқұм келіншектің туысы Анартай Ниязметов.

Еске салайық, сұмдық жағдай 2017 жылдың 24 қаңтар күні Қарабұлақ ауылында орын алған. Осы күні марқұм Жұлдыз Мауленқұловаға белгісіз азаматша хабарласып, оны күйеуінің көңілдесімен таныстырған.

Бұл қоңыраудан кейін Жұлдыз күйеуіне хабарласыпты. Отағасы көңілдесі бар екендігін жасырмай, әйелінен үйден жақсылықпен кетуін талап етеді. Кейін азаматшаның өлі денесі қорадан табылған.

Ал марқұмның күйеуінің жақындары бұл айыппен келіспейді. Туыстары марқұм келіншектің өзі дарға асылып қалғанын алға тартып отыр. Отағасының жақындары қайғылы оқиға болған күні Еркінжан мен Жұлдыздың арасында ешқандай жанжал болмағандығын айтып берді.

"Екеуі ұрыспаған. Жұлдыздың мінезі жақсы еді. Құдаларымыз бізге әдейі жала жауып, немерелерімізді тартып алмақ. Бірақ менің ана жүрегім сезеді, ұлым кінәлі емес", - дейді айыпталушының анасы.

Марқұм келіншектің туысы Анартай Ниязметов. Фото: NUR.KZ

Марқұм келіншектің туысы Анартай Ниязметов. Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, әйелін ұрып өлтірген деп айыпталған Еркінжан 11 жылға сотталған болатын. Шешімді ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы шығарған. Шешіммен келіспеген туыстары аппеляциялық шағымды облыстық сотқа жазған.

Нәтижесінде қайта қаралған сотта айыпталушының жазасы бірден он жылға қысқарып, жеңілдетілген. Үшінші билік өкілдері жазаның бұлай бұрылуына куәгердің сөзі себеп болды дейді.

Марқұм келіншектің туыстары облыстық соттың шешімімен келіспейді. Соңына дейін әділеттікке қол жеткіземіз деген Мәуленқұловтар отбасы Жоғары сотқа арыз жазып, істі қайта қарауды өтінбек.

Ал марқұм келіншектің артында екі баласы жетім қалған. Ата-анасының қарауынсыз қалған баланың үлкені екі жастан асқан, екіншісі бір жаста . Қазір бүлдіршіндер Жұлдыздың жақындарының қамқорлығына алынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
3
16
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel