RU
Гүлзира Айдарбекова өзін "мақтаншақ" деп сөккендерге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова өзін "мақтаншақ" деп сөккендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова желіде тоқтаусыз сынайтын оқырмандарына жауап берді. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Продюсер өз жазбасында жақсылық тілеп отыратын оқырмандарына алғысы шексіз екенін айтқан.

Сондай-ақ, ол әр нәрсеге тиісіп, тек қана жаман тұсын көретін адамдарға таң қалатынын жеткізіпті.

"Мен түсінер едім, егер миллионердің қызы не әйелі болып, ақшамен осы күнге жетіп отырсам, тілдеп жатсаңыздар. Әрбір ер азаматтарымыздың басындағы бағы, жеткен жетістігі, мейлі күйеуі болсын, мейлі баласы болсын, оның арқасында не анасы не әйелі тұратынын ұмытпасаңыздар екен" ,- деген ол өз жазбасында.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары Айдарбековаға жақсы пікірлерін жаудырды. Олар продюсердің нағыз аналық махаббат пен қайсарлықтың белгісін көрсеткен тұлға екенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
3
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel