RU
Жұлдызға үйленгенін мойындаған Айқын өзін сынап тастағандарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жұлдызға үйленгенін мойындаған Айқын өзін сынап тастағандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана кенже баласының 1 жасын дүркіретіп атап өткен Айқын Төлепберген "тоқал алды" деп сынап жатқан көпшілікке жауап берді. Ол өзінің Instagram парақшасында тыңдармандарынан жеке өміріне араласпауын сұрады деп жазады NUR.KZ.

Фото: sensation.booking.kz

Фото: sensation.booking.kz

Кейінгі жылдары көпшілікті өзінің хит-әндерімен баурап жүрген әнші Айқын көпшіліктің сынының астында қалды. Бұған себеп эстрада жұлдызының "Кешю" тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалимен көңіл жарастыруы болып отыр. Әншінің тыңдармандары мұны "бейәдеп" деп танып, кешелі бері сыни пікірлерін жаудырып тастаған-ды.

Десе де аталған мәселеге қатысты Айқынның да өз айтары болды. Ол бүгін ғана Instagram желісіне "Құрметті оқырмандар! Өнерім мен шығармашылығыма сын айтсаңыздар орынды шығыр деп білемін. Бірақ бір өтінішім, жеке өміріме араласпауларыңызды өтінемін",-деп жазды.

Алайда эстрада жұлдызы мен Жұлдыз Өмірғалиден көңілі қалған қалың жұртшылықтың сыни пікірі мұнымен тоқтайтын емес. Олар әлі күнге дейін "Бірінші әйеліңізде аямаймын, бұрын сізді ұнатушы едім, қазір көңілім қалды", "Токалдардың дәурені журіп жатқан заман-ай, қазақтың жігіттері-ай" деген пікірлерін жарыса жазуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
36
2
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel