RU
Ақтөбенің бас ұстазы әкімнің алдында кәсіпкердің картобы мен сәбізін "өткізіп жіберді" (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбенің бас ұстазы әкімнің алдында кәсіпкердің картобы мен сәбізін "өткізіп жіберді" (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Айсәуле Жақсыбаева тамыз кеңесінде жергілікті кәсіпкерге жарнама жасады. Бас ұстаз баяндамасының ортасында картоп пен сәбізді тазартып сататын жергілікті кәсіпкердің жарнамасын мектеп директорларына тыңдатты. Білім бөлімінің басшысы ұсынған бейнебаянды жиынға келген қала әкімі де еріксіз тыңдауға мәжбүр болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Ақтөбенің бас ұстазы әкімнің алдында кәсіпкердің картобы пен сәбізін "өткізіп жіберді" (фото)

Мектептерде дұрыс тамақтану режиміне аса көңіл бөліну қажеттігін айтқан бас ұстаз кәсіпкердің тазартып сататын көкөністерін ашық жарнамалап жіберді.

Ал кәсіпкер бейнебаянда тазартылған көкөністер мен туралған ет өнімдерінің ас пісіру кезінде уақыт алмайтынын айтты. Роликте көрсетілген аталмыш мекеменің өнімін таңдаса қателеспейтінін айтқан кәсіпкердің сөзі бас ұстаздың баяндамасымен дараланып көрінді.

Қызығы сол, кәсіпкердің жобасы қаланың бес мектебіне енгізіліп үлгерген. Жиын кезінде кәсіпкер ұсынған өнімді басқа мектептерге де енгізу жоспарда бар екені айтылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel