RU
Конституция күніне орай Астанаға тағы да Ресей жұлдыздары шақыртылды
Жаңалықтар Қоғам

Конституция күніне орай Астанаға тағы да Ресей жұлдыздары шақыртылды

Рассказать Вконтакте

Жыл сайын 30 тамыз күні Қазақстанның Конституциясы атап өтіледі.Осы шараның құрметіне еліміздегі өнерпаздармен қатар Ресейдің танымал жұлдыздары да шақырылмақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Егемен Қазақстан

Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала әкімдігінің алдындағы алаңда өтетін концерт кештің ең басты мерекелік шарасы болмақ. Астана тұрғындары мен қонақтарына Ғаділбек Жанай, Дастан Оразбеков, Гүлнұр Оразымбетова, Бейбіт Қорған, Маржан Арапбаева, Дос, Қанат Үмбетов, Алмас Кішкенбаев, Құрмаш Маханов мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кеш жүргізушілері: әйгілі шоумендер Азамат пен Антон болмақ.

Шара сағат 18:00-де басталып, 23:00-ге дейін жалғасады.

Конституция күніне арналған концерттік бағдарламалар "Думанды Сарыарқа" бағдарламасы шеңберінде Астананың тұрғын үй алаптарында да өтеді. Танымал орындаушылар, би және музыкалық ұжымдар, елордалық қуыршақ тетрының артистері, бойшаң қуыршақтар, аниматорлар, және цирк артистері қала маңындағы Пригородный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Өндіріс, Железнодорожный, Үркер, Көктал, Промышленный және Казгородок сияқты10 тұрғын үй алабының тұрғындары үшін интерактивті де қызықты ойын-сауық бағдарламасын дайындапты. Концерттерді сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін тамашалауға болады.

Айта кетейік, 1 маусымнан бері қала маңында ұйымдастырылып жүрген "Думанды Сарыарқа" концерттері 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Концерттер келушілер назарына ашық алаңдарда тегін ұсынылады.

Бұдан бөлек, 29 тамызда Конституция күніне орай «Барыс Арена» мұзайдыны сарайында "Астана Дауысы" екінші жыл сайынғы халықаралық фестивалі өтеді. Астана әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастыратын шара аясында әлемнің түрлі мемлекеттерінің қазіргі заманғы музыка орындаушыларына мүсіншелер табысталмақ.

Сахна төрінде Грузия, Швеция, Латвия, Молдова, Армения, Өзбекстан, Украина, Ресей және Қазақстанның музыкалық рейтингтерінде көш бастаған әртістер өнер көрсетеді. Биыл Astana Dausy фестиваліне Ninety One, Ерке Есмахан, «Евровидение-2012» байқауының жеңімпазы Loreen, Интарс Бусулис, DoReDos, СЕВАК, Согдиана, ALEKSEEV, Григорий Лепс, Ани Лорак және Филипп Киркоров қатысады. Билет құны – 1000-15000 теңге.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
3
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel