RU

Теміртаулық полицей автокөлік иесін өлтіргені үшін 19 жылға сотталды

Теміртаулық полицей автокөлік иесін басынан бір оқпен атып, өлтіргені үшін 19 жылға сотталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Қостанай облысының ІІД
Фото: Қостанай облысының ІІД: UGC

"Күдіктіні қылмыскер деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын ең жоғары қауіпсіздік режимінде өтеуге және ішкі істер қызметінің кіші сержанты" шенінен айыруға шешім шығарамын", - деді Қарағанды облысының соты Бекзат Шалғымбаев.

Кіші сержант өз кінәсін мойындады.

Ол интернет сайттардан "Тойоту камри" 55 модельді көліктің сатылымға қойылғанын көрген. Қалтасында ұсынатын ақшасы болмаса да, сатушыға 7-8 миллионның көлігін қарайтынын айтқан.

Қарағандылық Алексей көлікті көрсете бастағанда оны басынан атқан.

Айта кетейік, Алексейдің денесін бақташы тауып алған болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1749670-temirtaulyk-policej-avtoklik-iesin-ltirgeni-sin-19-zylga-sottaldy.html