RU
Көркем гимнастикадан Қазақстан Азия ойындарының чемпионы атанды
Жаңалықтар Спорт

Көркем гимнастикадан Қазақстан Азия ойындарының чемпионы атанды

Рассказать Вконтакте

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы ел қоржынына Азиаданың жетінші алтын медалін салды деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бұл сында ел намысын Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғаған болатын.

Отандастарымыз жалпы есебі 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтынын иеленді.

Күмісті Өзбекстан алса, қола жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырды.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупованың сөзінше, шәкірттері 2010 жылдан бері бұйырмаған Азиаданың командалық есептегі алтынын қайтарған.

"Қыздар жарады! Ең соңына дейін шыдамдылық танытып, чемпион атанып отыр. Айтарға сөзім жоқ. Біз гимнастарға қандай да бір медаль алу туралы мақсат қоймадық. Әр спортшының мейілінше жақсы өнер көрсетуіне мән берген едік. Міне, олар бар күштерін жұмсап, тартысты бәсекеде топ жарып отыр. Команданың көрсеткішіне көңілім толады. Бұл Азия ойындарына қатысып отырған ең жас құрама. Небары 16-17 жастағы қыз балалар. Осы құрам бізге 2010 жылдан бері бұйырмаған Азиаданың командалық есептегі алтынын қайтарды. Біздің төккен теріміз, еңбегіміз зая кетпеді. Дәл қазіргі қуанышым шексіз. Баршаңызға алғысым зор. Жекелей сында да жүлдеге таласамыз", - дейді Әлия Юсупова. 
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
17
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel