RU
Қарағандыда ұзақ мерзімге сотталған полицей өзін жындыханаға жабуды талап еткен
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда ұзақ мерзімге сотталған полицей өзін жындыханаға жабуды талап еткен

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда адам өлтіріп, алқа билердің шешімімен 19 жылға сотталған полиция қызметкері апелляциялық арыз түсірді. Бірінші сотта-ақ 22 жастағы полиция сержанты ақыл есінің кемдігін айтып, өзін жындыханаға жіберуді сұраған болатын деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: РИА Новости

Көрнекі фото: РИА Новости

Тергеу мәліметінше, Нұрсейіт Қалдыбаев 30-шы сәуірде "55 ші тайота камри" көлігін саудалап жүрген Қарағанды тұрғынымен сатып алушы ретінде кездескен. Марқұм көліктің әр жерін көрсетіп жүргенде, сержант қызметтік тапаншасымен әлгінің басына оқ атыпты.

Өлі денені айдалаға лақтырып тастап, марқұмның көлігімен патрульдік полктегі жұмысына қайта оралған. Қолға түскенде кінәсін толық мойындағандықтан, сот процесі де жылдам жүрді.

Бірақ қорғаушысы оның ақыл есінде ауытқуы бар дегенді алға тартып, бұрынғы полицейді психиатриялық ауруханаға жатқызуды сұраған. Өйткені тергеу абақтысында өзін жайсыз сезініп, сандырақтай беріпті-мыс.

Алайда, Қалдыбаевтың ағзасында ақау бар дегенге алқа билері сенбей оны кінәлі деп тауып, 19 жылға бас бостандығынан айырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel