RU
"Ештеңе істей алмаймыз": Қарақшылардың құрбаны болған жүргізушілер жанайқайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Ештеңе істей алмаймыз": Қарақшылардың құрбаны болған жүргізушілер жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Өскемендегі жүк тасымалымен айналысатын компания өкілдері қарақшылардың құрбанына айналып отырғанын айтып, жанайқайын жеткізді. Миллиондаған теңге борышқа батқандар құқық қорғау органдарына арызданғанымен әзірге қайран болмай тұрғанын айтуда деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Logist Today

Көрнекі фото: Logist Today

Алматы мен Өскеменнің арасында тұрақты жүк таситын жүргізушілердің бірі - Александр Шабалиннің айтуынша, күре жолдың бойында көрмейтіні жоқ. Жолдың нашарлығы мен көліктің бұзылуы жолдағы тонаушылардың жанында түкке де тұрмайды екен.

"Талдықорған мен Үшаралдың аралығында тонайды. Артымыздан жарықсыз көлікпен келіп, тіркеменің үстіне шығады. Жүк көлігі болған соң шуыл қатты ғой. Кейде естілмей қалады. Сондықтан ақырын жүретін жолда біреуіміз жарық шам ұстап, көлік артынан еріп отырамыз. Жолдың нашарлығынан жылдам жүре алмаймыз", - дейді жүргізуші Александр Шабалин.

Жүк тасымалдаушылар тонаушыларға тойтарыс беру үшін көлікті мықтап қымтап та көрген. Бірақ бұларынан еш нәтиже шықпапты. Қайта керісінше мұндай бір тіркемені қарақшылар жолда өртеп жіберіпті.

"Бұл жерде ештеңе істей алмаймыз. Тек жүргізушілеріміз күндіз ғана жүруге мәжбүр. Жүктің тоналғанын көрген жүргізушіміз полицияға шағымданған екен, қай жерде тонады сол жаққа барып айт депті", - дейді жүк тасымалдау компаниясының директоры Виктор Тайбазаров.

Қазір кеміген тауарлардың құнын компания иелері төлеуде. Тек бір ғана жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкердің үш көлігінен алынған заттардың бағасы тоғыз миллион теңгеге жеткен. Сондықтан да олар барлық дәйекті келтіре отырып, тас жолдағы тәртіпсіздікті тыю үшін талай арызданған. Алайда одан ештеңе өнбепті.

"Тергеу органдарынан ешқандай ақпарат ала алмаймыз. Олар уақыты өтті деп істі жай ғана жауып тастайды. Біз осы қылмыстық істі ашу үшін көмектесуге дайынбыз. Бірақ бізбен ақылдасып, мәселенің шешілуі үшін қимылдап жатқан біреуі жоқ. Білмеймін. Біреу үшін ары қарай миллиондап шығынды өтей беретін жағдайымыз да жоқ", - дейді , жүк тасымалдау компаниясының директоры Александр Барашков.

Тасымалдаушылар әзірше тығырықтан шығудың жолын тек күндіз жүру арқылы ғана тауып отыр. Бірақ бұл тәсіл жүкті жеткізу уақытына кедергі екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
6
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel