RU
Ауа-райы болжамы: Бүгін еліміздің шығыс бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ауа-райы болжамы: Бүгін еліміздің шығыс бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 28 тамыз күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел сақталады, орталық пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігі мен орталығының кей жерлерінде тұман күтіледі деп хабарлайд Қазгидромет орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: golos-kubani.ru

Фото: golos-kubani.ru

Қазақстанның батысында - жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазакстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Қостанай, күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel