RU
Алматыда қос автобус бетпе-бет соқтығысып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда қос автобус бетпе-бет соқтығысып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда БРТ жолағы салынып жатқан Тимирязев көшесінде екі бірдей жол апаты болды. Қос автобус бетпе-бет соқтығысса, екіншісінде троллейбус пен Тойота Прадо жолды бөлісе алмаған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: КТК арнасынан алынды

Фото: КТК арнасынан алынды

Куəгерлердің айтуынша, автобустардың бірі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарсы келе жатқан екінші қоғамдық көлікпен бетпе-бет соқтығысыпты. Жарақаттанған жолаушылар жоқ. Бірақ автобустың алдыңғы терезелері шытынап, біраз зақым келген.

"Мұның барлығы көшелер қазылып, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуінен болып жатыр. Кептелісте тұрған жеңіл көлік иелері көбіне автобустарға жолды бермей, өтіп кеткісі келеді. Салдарынан азабын біз шегеміз", - дейді қоғамдық көлік жүргізушісі Татьяна Лукпанова.

Айта кетейік, қыркүйек айынан бастап қоғамдық көліктер Тимирязев көшесінің ортасындағы арнайы БРТ жолақпен жүрмек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel