RU
Түркістан облысында мыңдаған жылқы елдің қызығушылығын тудырды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында мыңдаған жылқы елдің қызығушылығын тудырды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы Шарапхана елді мекенінде көшені басып алған толассыз жылқылар елді қызықтырып қойды. Желіге тарап кеткен видео оқырмандардар арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік мыңдаған жылқылардың иесі кімекенін біле алмай әлек болған деп жазады NUR.KZ.

Интернет кеңістігінде көше бойын шаңдатып өткен аттар легінің видеосы тарап кетті. Бейнежазбада үйір-үйір жылқының ауылдың бас көшесін шаңдата өтіп бара жатқаны көрініс тапты.

Желі қолданушылар аталмыш видеоға асқан қызығушылық білдіріп, қызу талқыға салып тастады. Оқырмандар саны мыңнан асатындай жылқылардың кімге тиесілі екенін біле алмай әлек болды.

"Мына байлықтың иесі кім екен? Мың жылқы бар ғой шамасы"
"Мәссаған, недеген көп жылқы. Не болса да біреудің жағдайы ытм керемет болып тұрғаны ғой"
"Түбі жоқ қой үйірдің. Қазақ малының саны көбейе берсін" , - деп жазды көпшілік.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
42
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel